Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлерінен кеңес және құқықтық көмек алу, жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және тағы да басқа сұрақтармен жүгіне алады. Мобильді топтар азаматтарды «Жолда қабылдау» жазуы бар шағын автобустарда қабылдайды.
Іс-шара қаланың 4 аумағында өтеді:
- Есіл ауданында – «Ailand» ОДО (Қорғалжын тас жолы, 2);
- Байқоңыр ауданында – Нұр-Сұлтан қ. ПД ӘПБ (Жетіген көшесі, 16);
- Сарыарқа ауданында – Мамандандырылған ХҚКО (20-40 көшесі); «Нұр-Сұлтан 1» ТЖ вокзалы алдында (Гете көшесі, 1);
- Алматы ауданында – «Рахмет» СОСО (Б. Момышұлы даңғылы, 10); «Алатау» СК (Тәуелсізді даңғылы, 1/1).
«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 71-60-77, ұялы тел: 87761972348.