• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Мамыр, 2019

Әлемде 370 млн адам мамандығын ауыстыруға мәжбүр - Н.Назарбаев

902 рет
көрсетілді

Бұл туралы Тұңғыш Президент- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XII Астана экономикалық форумында айтты.

«Бүгінде адами капиталға талап артып, білім беру процесі жаңарып келеді. Мобильді, креативті адам капиталы  - кез келген экономика табысының негізгі аспектісі болып отыр. Дәл осы қасиеттер мемлекеттер арасында жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейінің 10-30% дейінгі айырмашылығын жасап отыр. Технологиялардың қолжетімді болуынан қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы жұмыс уақытының тең жартысы автоматтандырылды. Осыған байланысты, 2030 жылға қарай, әлем бойынша 370 млн адам қайта оқытудан өтіп, мамандығын ауыстыруға мәжбүр. Бұл көрсеткіш жаһандық жұмыс күшінің 14 пайызын құрайды», деді Нұрсұлтан Назарбаев

Сондай-ақ Елбасы жаңа технологияларды енгізу кейбір мамандықтарды сұраныстан айырып, жаңа мамандықтардың пайда болуына ықпал етіп жатқанын айтып өтті. «Тіпті табыс деңгейі төмен және орташа елдердің өзінде көптеген адамдар 30 жыл бұрын біз естіп-білмеген жаңа мамандықтар бойынша жұмыс істеп жүр», деді Н. Назарбаев.