Д.Назарбаева Астана форумына тұрақты түрде қолдау көрсеткендері, атап айтқанда, дінаралық Съезд бен оның жұмыс органдарының жұмысына тұрақты қатысқаны үшін лютеран федерациясы өкілдеріне алғысын білдірді.
Сенат басшысы жүздесушіге еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Конфессияаралық және өркениетаралық үнқатысуды дамыту орталығы құрылатыны туралы хабарлады. Бұл орталық діни көшбасшылардың Астана саммитінің мақсаттары мен міндеттерін халықаралық аренада ілгерілету және форумды институттандыру ісіндегі маңызды құрал болады. Дариға Назарбаева лютерандарға орталықтың жұмысына қосылуды ұсынды.
Тараптар ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысына дайындықты талқылады, онда келесі Съездің және Діни лидерлер кеңесінің өтетін күні мен күн тәртібі белгіленеді.
Дүниежүзілік лютеран федерациясының Бас хатшысы дінаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі ерекше тұғырнамаға құрғаны үшін Қазақстанға алғысын жеткізіп, Астана форумын одан әрі қолдау жөніндегі ниетін білдірді. Ол сондай-ақ Дүниежүзілік лютеран федерациясының жұмысы мен жоспарлары, атап айтқанда босқындарға қолдау көрсету, Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық туралы хабардар етті.