• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Мамыр, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады

826 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Әсет Исекешев Қордың 2019 жылы атқарған жұмысы, сондай-ақ дарынды жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар туралы баяндады.

 Сонымен қатар, Қордың атқарушы директоры Елбасыға Қордың білім, мәдениет, халықаралық қызмет саласындағы, сарапшылық-талдамалық жұмысты күшейту және басқа да мәселелерге қатысты жаңа жұмыс бағыттары мен бағдарламаларын таныстырды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.