Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:18
ВенесуэлапрезидентіУгоЧавесөзініңинаугурациясынақатысуғажағдайыныңкелмеуінебайланыстыоны180 күнгекейіншегеруімүмкін.
Бразилия президентінің халықаралық істер жөніндегі айрықша көмекшісі Марку Аурелиу Гарсия Венесуэла лидері Уго Чавестің ел конституциясында жазылғандай, инаугурация салтанатын кейінге қалдыруға құқы бар деп мәлімдеді. Уго Чавестің қызметке кірісу салтанаты 10 қаңтарға белгіленген болатын. Чавестің Кубада рак ауруымен күресуді жалғастырып жатуына байланысты инаугурацияның болар-болмасы әзірге белгісіз. Ал оппозиция болса, Чавестің заңда белгіленген мерзімде ант қабылдағанын талап етуде.
Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:18
ВенесуэлапрезидентіУгоЧавесөзініңинаугурациясынақатысуғажағдайыныңкелмеуінебайланыстыоны180 күнгекейіншегеруімүмкін.
Бразилия президентінің халықаралық істер жөніндегі айрықша көмекшісі Марку Аурелиу Гарсия Венесуэла лидері Уго Чавестің ел конституциясында жазылғандай, инаугурация салтанатын кейінге қалдыруға құқы бар деп мәлімдеді. Уго Чавестің қызметке кірісу салтанаты 10 қаңтарға белгіленген болатын. Чавестің Кубада рак ауруымен күресуді жалғастырып жатуына байланысты инаугурацияның болар-болмасы әзірге белгісіз. Ал оппозиция болса, Чавестің заңда белгіленген мерзімде ант қабылдағанын талап етуде.
Обама жаңа әкімшілік жасақтауда
АҚШ президенті Барак Обама бүгінде өзінің жаңа әкімшілігін жасақтауда.
Ақ үй басшысы қорғаныс министрі лауазымына бұрынғы республикашыл-сенатор Чак Хейгелдің кандидатурасын ұсынды. Сондай-ақ, кеше АҚШ президенті Орталық барлау басқармасының директоры лауазымына кандидаттың да есімін атады. Ол – Барак Обаманың терроризммен күрес мәселелері жөніндегі қазіргі кеңесшісі Джон Бреннан. Екі кандидатураны да америкалық сенат бекітуге тиіс.
Бас хатшы құптамайтынын білдірді
СирияпрезидентіБашарАсадтыңсөзіелдегідағдарыстышешугежағдайтуғызбайды.БҰҰБасхатшысыПанГиМуносындаймәлімдемежасады.
Өз сөзінде Пан Ги Мун Сирия халқына орасан зор қайғы-қасірет әкелген дағдарыстан шығуға жағдай жасамайтын Б.Асадтың сөзі көңілімді қалдырды, деп атап көрсеткен. Б.Асад БҰҰ-ның елдің бүкіл тұрғындарының мүдделерін бейнелейтін өтпелі үкімет құру жөніндегі негізгі ұсынысынан бас тартып отыр, деп атап өткен БҰҰ Бас хатшысы. Айта кетейік, 6 қаңтардағы ұлттық теледидардан сөйлеген сөзінде Б.Асад ереуілшілерді халықты тонады, деп айыптап, балалар мектептерге бара алмай жатыр, электр қуаттары сөндіріліп, дәрі-дәрмек уақытында жеткізілмеуде деген болатын.
Сот процесі кейінге қалдырылды
Үндістандастудентқыздыавтобусішіндетопболыпзорлаусалдарынанқыздыңқайтысболуынаапарыпсоқтырғанісбойыншақылмыстықпроцессбасталды.
Бес адам кінәлілер ретінде танылып отыр. 17 жастағы тағы бір жігіттің ісі кәмелетке толмағандарға арналған сотта жеке қаралатын болады. Ашулы топтың отырыс өткізуге кедергі келтіруіне байланысты сот процесін жабық режімде өткізу жөнінде шешім қабылданды. Ғимаратқа кіретін және шығатын барлық есіктер күшейтілген күзетке алынды. Соған қарамастан, судьяның тәртіп орната алмауына байланысты істі қарау кейінге қалдырылып отыр.
Берлускони экономика министрі болмақ
Италияның бұрынғы премьер-министрі, бұған дейін өз кандидатурасын үкімет басшысы лауазымына ұсынған Сильвио Берлускони жеңіске жетсе, өзінің экономика министрі болатынын мәлімдеді.
Мен өзімнің ізбасарымды анықтадым, ол Анджелино Алфано. Егер біз жеңіске жетсек, Алфано премьер-министр болады, ал мен экономика министрі боламын деп мәлімдеген ол елдің радиостансасы арқылы тікелей эфирде сөйлеген сөзінде. Сарапшылар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалдарды негізге ала отырып, сәуір айындағы сайлауда орта-солшылдардың жеңіске жететінін айтуда. Дегенмен, Сильвио Берлускони бастаған оңшылдардың түрлі әрекеттер туындатуы мүмкін екені де жоққа шығарылмайды.
Түркияға «Пэтриот» қондырғылары жөнелтілді
Германияның портынан Түркияға «Пэтриот» зенитті-ракеталы кешен жөнелтілмек. Екі қондырғыны даниялық компанияға қарасты кеме апаратын болады.
Кеме бортына зенитті қондырғылардың бөлшектері мен 300-ге жуық әскери автомобильдер бар 130 контейнер орналастырылатын болады. Шамамен алғанда, екі аптадан кейін кеме Түркия жағалауына жетуі тиіс. Екі ракеталық қондырғыны ақпан айына таман Сириямен шекарада орнату жоспарланып отыр. Анкараға «Пэтриот» қондырғыларын беру жөніндегі шешімді желтоқсан айының басында солтүстікатлантикалық альянс қабылдаған болатын. Ал неміс бундестагы Германияның түрік-сирия шекарасында ракеталарды орналастыруға атсалысуына рұқсат беріп отыр.
Перудегі тікұшақ апаты
Перудің астанасы Лимадан солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым жердегі Пукальпа қаласы маңында тікұшақтың құлауынан жеті адам қаза тапқан.
Тарапото қаласынан ұшып шыққаннан кейін алты минут өткенде жеке компанияға қарасты тікұшақ жерге құлап, соның салдарынан жарылыс орын алған. Жергілікті журналистердің мәліметтері бойынша, оқиға болған жерден тікұшақтың бортында болған жеті адамның денелері табылған. Олардың екеуі отставкадағы әскери қызметшілер көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ әуеде болған кезде-ақ екі бөлікке бөлініп кеткен көрінеді. Құлаған тікұшақтың бортында ұшқыштардан тыс мұнай-газ кен орындарын барлау компаниясының қызметшілерінің болғаны белгілі болып отыр.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.