• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Мамыр, 2019

Шпал өндірісі іске қосылды

945 рет
көрсетілді

Алматыда ашылған өндіріс орнының жылдық қуаты жарты миллион теміржол шпалдарын шығаруға арналған. Vollert неміс технологиясы пайдаланылатын зауытта жүзден астам жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция көлемі 1,8 млрд теңгені құрап отыр.

«АЗМК» ЖШС бас директоры Шухрад Шардиновтың айтуынша, шпал шығару өндірісі өнімнің термоылғалдану кестесін бақылайтын автоматты бағдарламамен қамтамасыз етілген. Автоматтандыру жүйесі уақытты екі есеге дейін сеге қысқартып, өнімділікті екі есеге, өндіріс алаңдарын төрт есе арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы көпір конструкциялары зауытындағы теміржол шпалдарын шығаратын өндіріс орнының ашылуына қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы қатысып, қаладағы 1,5 мың өндіріс орындарының жұмысы жайында, сондай-ақ бүгінде АЗМК саласында еңбек етіп жатқан бес жүзден астам жұмыс күшінің  әлеуетіне тоқталып өтті. Қала басшысының айтуынша, бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымы қарқынды дамып келетіндігіне байланысты кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары. Ал жұмысшы мамандығына қашан да құрмет жоғары, деп атап өтті қала басшысы.

Қазіргі кезде мегаполисте бизнестің Жол картасы 2020 және Жібек жолы қалалық бағдарламасы арқылы отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету аясы барынша артып келеді. Инвестициялық аухалдың жақсаруымен байланысты ағымдағы жылдың үш айы ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4 пайызға артып, 111,1 млрд теңгені құрады. Осының дәлеліндей, Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта құны 144 млрд теңгені құрайтын 39 жоба жүзеге асуда. Жапония, Гонконг, Қытай, Ресей,  сондай-ақ неміс капиталының қатысуымен 5 зауыт ашылды. Олардың ішінде жылына қуаты 550 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын кешен, электроавтобустардың үшінші буынын жасап шығаратын зауыт, т.б. бар.

АЛМАТЫ