• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2019

Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын марафон өтті

1345 рет
көрсетілді

Халықаралық биологиялық саналуандылық күніне орай экомарафон қатысушылары Алматы облысындағы Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын 250 шақырымдық жолды жүгіріп өтеді. Бұл марафонды біріктіріп тұрған осы тақырып сізге де жақын екенін айта кеткен жөн.

Бүкіл әлем бойынша 22 мамыр күні атап өтілетін Халықаралық биологиялық саналуандылық күніне орай ертең екі күндік ултраэкомарафон басталады. «Алтын емел» ұлттық саябағындағы «Әнші құм» табиғат ескерткішінен басталатын экомарафонның ұзақтығы 250 шақырымды құрайды. 21-22 мамыр күндері өтетін бұл марафонды Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті «Маra#ON» жүгіру клубының  және Snow Leopard Foudation халықаралық қорының қатысуымен ұйымдастырып отыр. Бұл экомарафонның мақсаты – биологиялық саналуандылықты, бірегей табиғат ескерткіштерін, сексеуіл мен торанғыны, ілбісті сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударту, саламатты өмір салтын насихаттау және ұқыпты экологиялық туризмді дамыту.

Экомарафонда 20 адам жүгіреді, соның ішінде марафон мен оның ұйымдастырушылары алға қойып отырған ойды негізге салатын «Marat#ON» клубының мүшелері жүгіретін болады. Бұл марафонның басты міндеттерінің бірі – ілбістің жоғалып бара жатқанына жұртшылық назарын аударту. Ілбіс Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл тізіміне және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия, Ресей сынды елдердің ұлттық Қызыл кітабына енгізілген. 2018 жылы Қазақстандағы ілбіс тұқымын сақтау мен қайта жерсіндіруді алдарына мақсат етіп қойған Snow Leopard Foundation халықаралық жекеменшік қоры құрылды. Қор бұл бастаманы қуана-қуана қолдады. Ілбіс - тәуелсіз Қазақстанның нышаны, алайда, біздің елдегі оның популяциясы өте азайып келеді. Соңғы 16 жылдың өзінде ілбістер саны 20 пайызға кеміген. Оның әлемдік популяциясының 3 пайызы Қазақстан үлесіне тиесілі, бұл шамамен 110-130 ілбісті құрайды. Халықаралық биологиялық саналуандылық қүніне орай ұйымдастырылған бұл марафон Қазақстанның бірегей табиғаты мен сұлу жануарларын келешек ұрпаққа сақтаумен байланысты жаһандық міндетті жұртшылық есіне салмақ», - деп атап өтті бұл қордың директоры Ержан Еркінбаев.

Айқайқұмда басталған марафон Шарын аралығында жалғасып, екі күнге ұласады. Бұл доданы дүбірлетіп бастап жүрген «Marat#ON» жүгіру клубының негізін қалаушы, Халықаралық санаттағы спорт шебері, Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы Марат Жыланбаев бауырымыз. 

Құмды жол марафоншы жігіт-қыздарға биіктен көрінуіне бастай берсін. Құм жиегінде сексеуіл мен тораңғы бүр жарып келеді. Шіркін, күндердің күні ібіліс те ойнақ салар деп тіледік.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»                                                                                                          

Алматы