Түркияға қайтып келісімен пікірлерімді сол кезеңнің премьер-министрі Т. Өзалға да, Министрлер кеңесіне де, қоғамға да жеткіздім. Т. Өзал «КСРО-ға барамыз, төрт күнім бар, екі күн Ресейде боламын, екі күнін сенің республикаларыңа (сол кезде солай деген еді) бөлемін, (түркі республикалардың ішінен) екеуін таңда», деді. Әуелі «бәріне баруыңыз керек» деп қарсылық көрсеттім. «Уақытым жоқ» деген соң «Қазақстан мен Әзербайжан» дедім. Әзербайжанды бір әңгімесінде «олар шиит, біз сүннитпіз» деп ренжітіп алған еді. Сондықтан, барып көңілін табу керек болды. Бардық, шынымен де бауырластық сезім бастау алды. Қазақстанның маңызын түсіндірдім. Ол да Н.Назарбаевтың қадірін жақсы түсінді.
Содан кейінгі жылдары жиі-жиі Қазақстанға барып тұрдым. Н.Назарбаевпен де көп кездестім. Оның халыққа немесе теледидар көрермендеріне сөз сөйлеулерін көрдім. Алғаш кездесуіміздегі оңды көзқарасым жыл өткен сайын арта түсті. Н.Назарбаевтың басшылығында Қазақстан тек Азияның ғана емес, дүние жүзінің жарқыраған жұлдызына айналды. Бүгін күллі жер жүзі оны мойындайды.
Елбасының ғылымға үлкен мән беруі мен үшін ең маңызды қасиеттерінің бірі болды. Шетелде білім алып, елдеріне қайтып келіп жатқан қазақ жастарымен қатар, Астанада ашылған жоғары білім беру ошақтары Қазақстан болашағының кепілі. «Болашақ» бағдарламасының атының өзі қандай керемет.Түркістан қаласында Ахмет Ясауи университетінің Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен құрылуының өзі оның түркі әлемінің тарихи тамырларын терең білетінін көрсетті. Ахмет Ясауи университетінің атауы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті» болып өзгертілген соң, сонда жүргізген он төрт жылдық жұмысымда қашанда Н.Назарбаевтан қолдау көріп отырдым.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласының Оңтүстік Қазақстанның облыс орталығы болып, ал облыс атауының Түркістан болып өзгертілуі мен үшін әлі де түс сияқты. Осы тұрғыдан Елбасының алдында бас иіп құрметімді білдіремін. Мұндай істерді тек данышпан көшбасшылар ғана жасай алады. Кішкентай Ақмола кентін Астанадай дүние жүзінің ең әдемі қаласына айналдыру үшін де Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлы тұлға болу керек еді, солай болды да.
«Астана» елорда деген мағына береді, ал оған қаланың негізін қалаушының атын беру қазақтың ұлттық ұлағатына сай шешім болды. Нұр-Сұлтан қаласына дұғай-дұғай сәлем...Н.Назарбаев тағы да таңғалдырды. Ешкім күтпеген қадам жасады. Жер жүзінің жарқыраған жұлдызы Қазақстанды болашаққа одан да жарқын ел ретінде жетелеу үшін президенттік лауазымынан бас тартты.
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы лауазым үшін дұрыс таңдалған тұлға. Ішкі және сыртқы саясаттағы тәжірибелерімен, зиялылығымен, сыйлы адал болмысымен көпшілікке танымал. Тоқаевтың Назарбаевтың жанында өскендігі, көп жылдан бері бірге жұмыс істегендігі де Қазақстанның бағы. Бұрыннан бері айтып келе жатқаным: Нұрсұлтан ағамыз тек Қазақстанның Президенті ғана емес, Түркі әлемінің де құрмет тұтқан басшысы. Ендігі кезекте күнделікті шаруалардың жүгінен босап, күші мен уақытын осы мәселеге де бағыттайды деп ойлаймын. Нахчыванда бас қосқан Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде Назарбаевтың дем беруімен құрылған Түркі кеңесін алға жетелеу үшін де осы үлкен қадамды жасауға себепкер болған тұлғаның қамқорлығы жалғасады, оның ықыласы нәтижесіз қалмайды деп сенемін.
Әлемдік діндер съезі де Н.Назарбаевтың адамзат үшін жасаған үлкен істерінің бірі. Діндерді адамзатты бөлетін емес, біріктіретін құрылымдар жағдайына жеткізу үшін бұл жұмыстың да маңызы орасан зор.
Осыған ұқсас жұмыстар үшін де уақыт бөлетін Н.Назарбаевты тек Түркі әлемінің ғана емес, жалпы адамзатты бейбіт өмір сүруге жетелейтін көшбасшы деп ойлаймын.
Сөзімнің соңында Н.Назарбаевқа, Қ.Тоқаевқа, барлық Қазақстан халқына игілік, денсаулық, амандық, жетістікке толы ұзақ ғұмыр тілеймін.Намык Кемаль ЗЕЙБЕК,
Түркияның бұрынғы Мәдениет министрі