Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыста Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Әлия Рақышева сөз сөйледі.
Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырма берді.