Сейсенбі, 1 қаңтар 2013 8:17
Өткен жыл өте қуанышты, берекелі жыл болды. Елбасы Н.Назарбаев «жаны әзіз, жүрегі кең, бауырлас қазақ-ұйғыр бауырлар! деп бір-бірін қадірлеу белгісінің жылнамасы болды деп есептеймін» деп атап өткендей, осы тарихи кезеңді жемісті де жеңісті жүріп өттік. Бірлік байрағын биік көтеріп, тамыры тереңде жатқан түркі ата-бабаларымыз салып кеткен рухани алтын көпірді сақтай білдік. Бұл әм достығымыздың күншуағы. Біз мұны мақтаныш етеміз.

Қазақстанды мекен еткен барша ұлт өкілдері осы бейбіт елді, қасиетті жерді «Ортақ Отанымыз, киелі шаңырағымыз!» деп білеміз. Елбасының жаңа Жолдауы – әрбір қазақстандықтың отбасына кірген бақыт нұры. Бұл Жолдау барша қазақстандықтардың рухын көтерді, алтын қалам иелерінің шабытын тасытты, еңбеккерлеріне тың қуат берді. Бұл – біздің шухратты өмір сүруімізге кепілдік беретін тарихи құжат.
Біз, қасиетті Қазақ жерінде бейбіт тіршілік етіп жатқан барша отандастар, еліміздің рухани, экономикалық әлеуетіне өзіндік үлесімізді адал қосуға сенімдіміз. Президент Н.Назарбаев өзі сүйген, бірлігі жарасқан халқымен барлық жақсылықтарға жетіп, биіктерді бағындыратынына сеніміміз кәміл.
Жаңа 2013 жыл баршамызға алар жаңа асулар мен жетер жеңістер, бағындырар биіктер алып келсін деп тілеймін. Қазақ халқына, Қазақ елінің басшысына, осы қасиетті жерде бейбіт тіршілік етіп жатқан барлық отандастарыма Жаңа жылда жетер адами жеңістері мен жақсылықтары мол болсын дегім келеді! Бүкіл әлемде бейбіт күн, молшылық пен берекелі тірлік болсын! Ел болып жүріп өткен жемісті жылдар бізден кейінгі жас ұрпаққа да жұғысты болсын!
Ахметжан АШИРИ,
жазушы-драматург,
«Құрмет» орденінің иегері.
АЛМАТЫ.