• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Мамыр, 2019

Әлемде 800 миллион адам аштықта өмір сүреді

947 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан XYI Еуразиялық Медиа Форумда айрықша талқыланған тақырыптың бірі – әлемдегі тұтыну дағдарысының бүгінгі жай-күйі мәселесі болды.

Тамақ қалдықтары және тұрақты даму жөніндегі халықаралық сарапшы Стивен Финн: «Тұтыну дағдарысы туралы айтқанда, өндірісті айтпай кете алмаймыз. Бүгін әлемде 800 миллион адам аштықта өмір сүреді. Көп жерде су тапшылығы байқалуда. Мысал ретінде айтар болсақ, осыдан 70 жыл бұрын АҚШ тамақты үнемдеуге аса жауапкершілікпен қарайтын. Қазір мүлде олай емес, жаппай ысырапшылдыққа жол берілді. Желінбеген тағамдар қалдыққа тасталады. Бұл экологияға да кері ықпалын тигізуде. Энергетика дағдарысы мен азық-түлік тапшылығын бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын мәселелер. Біз тұтынуды өзгерту үшін тосын қадамдарға баруымыз керек. Ресми дерек бойынша шектен тыс тамақтану әлем жұртшылығының өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай қысқартып отыр. Энергияны шектен тыс қолдану да дәл осындай қайшылықтарға әкеліп соқтырады. Бәрінің өз теңгерімі болуы тиіс»,-дейді.

Ал Парагвайлық журналист Хасмин Акуния, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан күрделі жағдайларды халықаралық қауымдастыққа жеткізуде ақпарат құралдарының үстемдігі жоғары екенін айтады.

«Парагвайдағы тағам дағдарысы  бүгін аса күрделі мәселенің бірі. Бұл проблеманы бүкіл ақпараттық кеңістікке шығару біз үшін оңай болған жоқ. Кедейлікті жою, балалардың білім алуына толыққанды жағдай жасау, басты мәселе», – дейді шетелдік журналист.