• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Мамыр, 2019

Бокстан Сағадат Нұрмағамбетовтің турнирі аяқталды

1167 рет
көрсетілді

Алматыдағы Армияшылардың Орталық спорт клубында Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Армия Генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске түсіруге арналған дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті.

Бірнеше күнгі созылған жарыстың қорытындысы бойынша  былғары қолғап шеберлері жеңіс тұғырының ең биік сатыларына көтерілді: Асқар Қайсар (49 кило, Жамбыл облысы), Береке Смали (52 кило, Алматы қаласы), Алмас Нұрғали (56 кило, Алматы қаласы), Бекнұр Ожанов (60 кило, Шығыс Қазақстан облысы), Джахонгир Расулов (64 кило, Өзбекстан), Айдархан Нұқанов (69 кило, Нұр-Сұлтан), Сапарбай Айдаров (75 кило, ҚР ҚМ АОСК), Еркебұлан Әкімбай (81 кило, Алматы облысы, Мұхаммеджан Еркін (91 кило, ҚР ҚМ АОСК) және Александр Сидорин (+91 кило, Ресей).

– Жыл сайын Алматыда өтіп тұратын бұл жарыстың өз тарихы мен дәстүрі бар. Көзі тірі болғанда, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов 25 мамыр күні 95 жасқа толатын еді. Айтулы азамат барлық ғұмырын өз Отанына қызмет етуге арнады. Қазіргі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің іргетасын қалауға үлкен үлес қосты. Осылай тізбектей берсек, Сағадат Қожахметұлының еліне сіңірген еңбегі орасан зор. Ал ондай азаматтардың есімдері халықтың есінде мәңгі сақталатыны анық, – дейді ҚР ҚМ АОСК-ның бастығы Айталап Құрғамбаев.

Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыс етілді. Ал 69 кило салмақ дәрежесінде топ жарған Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Айдархан Нұқановқа осы турнирдің ең үздік боксшы атанып, арнайы сыйлыққа ие болды.