• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Мамыр, 2019

Теннис: Парижде кімдерге қарсы ойнаймыз?

894 рет
көрсетілді

Санаулы күндерден кейін Францияның астанасы – Парижде басталатын «Ролан Гаррос» турнирінде Қазақстанның теннисшілері кімдермен күш сынасатыны белгілі болды.

Әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы, WTA тізімінде 39 орында тұрған Юлия Путинцева Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасады. 23 жастағы Швеция өкілінің «Үлкен дуылға» санатындағы турнирлердегі ең зор нәтижесі – былтырғы жылы өткен АҚШ-тың ашық біріншілігінде үшінші айналымға жетуі.  Ал ITF додаларында ол 8 рет топ жарды.

Әлемдік рейтингте 90 орында тұрған Зарина Диас Одри Альбимен айқасады. WTA тізімінде 288 орынға тұрақтаған 24 жастағы франциялық ойыншы әлі де айтарлықтай табыстарға жете қойған жоқ. Ол «вайлдкардтың» арақасында «Ролан Гарросқта» күш сынасу құрметіне ие болды.

Ерлер арасында Қазақстанның ең үздік теннисшісі, әлемнің 48 ракеткасы  Михаил Кукушкин Марин Клижанмен кездеседі. Таяу күндері 30 жасқа толатын Словакия спортшысының АТР турнирлерін 6 мәрте ұтқанымен, «Үлкен дуылға» додаларында үшінші айналымнан асқан емес. Бұл күндері ол әлемдік рейтингте жерлесімізден алты саты төмен тұр. Ал Александр Бубликтің қарсыласы кім болатыны алдағы күндері анықталады.