Бүгін Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден әлем кубогының кезеңдік сайысы басталады. 31 мамырға дейін созылатын жарыста Қазақстан құрамасы да бақ сынауда.
Айтулы додада біздің команда сапында Юрий Юрков, Александра Малиновская, Елизавета Король, Виолетта Старостина, Владимир Исаченко, Илья Федин, Алексей Клейменов, Рашид Юнусметов, Ирина Локтионова, Юлия Комендра, Елдар Иманқұлов және Елизавета Безрукова сынды спортшылар өнер көрсетеді.
– Әлемнің ең үздік мергендері бас қосқан жарыста жерлестерімізге жүлде алу қиын болады. Десек те финалға шығу үшін барымызды салуға тиіспіз. Себебі, осы межеге жетсек, Олимпия ойындарының жолдамасы үшін таласуға мүмкіндік туындайды, – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Ольга Довгун.