Жапондық Panasonic компаниясы Қытай телекоммуникациялық конгломератына қатысты АҚШ енгізген шектеу шараларын сақтау мақсатында Huawei-мен ынтымақтастықты тоқтата тұру туралы мәлімдеді.
Мәлімдемеде компания АҚШ үкіметі тыйым салған Huawei және оның 68 филиалымен өзара іс-қимылды тоқтатуға мәжбүр екендігі айтылған. Өткен аптада АҚШ Huawei компаниясын қара тізімге енгізген. Енді америкалық компаниялар арнайы лицензиясыз ол компаниямен жұмыс істей алмайды. Тыйым құрамдас бөліктердің 25% немесе одан да көп АҚШ-та өндірілетін тауарларға қатысты.
Алайда Дональд Трамптың президент әкімшілігі Huawei-ге қатысты санкцияны үш айға кейінге қалдырды.
Айта кетейік, 15 мамырда Дональд Трамп АҚШ компанияларына ұлттық қауіпсіздікке қауіпті деп саналатын фирмалар дайындаған телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды пайдалануға тыйым салды.