Ертең таңғы мезгілде америкалық Оксон Хилл қаласындағы (Мэрилэнд штаты) MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде бокс шоуы болады. Оған жартылай орта салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) қатысады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Алты раундқа есептелген жекпе-жектегі оның қарсыласы - чилилік Луис Норамбуэна (3-1-1, 2 КО). Олар айқас алдындағы дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Оның қорытындысы бойынша Елеусіновтың салмағы 150,2 фунт, ал Норамбуэн одан жеңілдеу -149,4 фунт болды.
Жекпе-жек жексенбі, 26 мамыр күні таңертең болады. Бұл кездесу жайлы қазақстандық жанкүйерлер тікелей трансляцияны «Хабар» телеарнасы арқылы көре алады. Ол Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 06:05-те басталады.