«И долго буду тем любезен я народу,
Что чувства добрые я лирой пробуждал,
Что в мой жестокий век восславил я свободу
И милость к падшим призывал.»
Аһ-һ... Пушкин, Пушкин, Пушкин! «Гений чистой красоты!!!».
Автор
...«2019 жыл. Қаңтар. Қасарысқан көкқасқа қыс. Қазақтың кеңқұшақ, далиған даласы. Александр Сергейұлы екеуміз, Орынбордан Ақшатауға (Белогорск) қарай «тойото-джип» тұлпарымен түнделете суыт жүйткіп келеміз. Сұрқай боран суыра, үйіре соғады. Қар жапалақтай, ұйытқи жауады. Аспан түндігі жабыңқы, ай да көрінбейді. Қара түн аппақ әлемге шағылыса, жан-жағың бозаңыта шырамытады. Көлік жарығында сонар жолың шаңдата суылдайды... Алдымызда бірдеңе қараңдайтындай...».
Автор
Пушкин, Абай, Лермонтов, Байрон, Гете және де басқа ұлыәуи ақындар – бір-бірлерімен үндес те тектес. Әрине, әрқайсыларының өзіндік жолдары, қыр-сырлары бар. Бұлардың поэзиясы тылсымнан туындаған. (Абай-һәкім «қолын мезгілінен кеш сермемегенінде», дүниені кезіп, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде өлеңдерін жазғанында, төрткүл дүние әлдеқашан Абайдың – қазақтың алдында иіліп те тұрған болар еді-ау!..) Бұлардың поэзиясы туралы сөз айтуға – һәкім атамыз айтып кеткен – бірігіскен: «ақыл, қайрат, жүрек» керек, арнайы білікті білім, ілікті батылдық қажет. Ондайшылық әзірше бізде жоқ. Біздің бүгінгі баянымыз – Пушкиннің прозасы; оның ішінде, «Капитанская дочка» повесі. Осыған шамамыз келсе, Құдайға шүкір...
Пушкиннің «Капитанская дочка» повесінде тылсымдық бір сыр бар. Ол жайында кейінірек, баянымыздың соңында.
Повесті оқып отырып, сіз қатты өзгеріске түсесіз. «Өткен өткелдерімде қалай болып едім, енді қалай боламын, келешекте ше?» дегендей ойларға батасыз да шомасыз. Басты герой – оқиғаны аян да баян етуші Петр Гриневпен өзіңізді салыстырасыз, сөйтесіз де: «Мен өзі сондаймын ба? – сондай болуым керек-ақ екен ғой» дейсіз еріксіз, ой-тұманына батып. Тіптен, жағымсыз герой Швабринмен де салыстыруыңызға болады. «Сондайлық оңбағандық қасиеттердің ұшығы менің де бойымда жоқ па екен?» деп өзіңізді тексеріске саласыз, тергеуге аласыз, беймаза күй кешесіз. Жалпы, повесті оқу барысында қатты толқып, толғанып, тебіреніп, ұшық тигендей күйге түсіп те отырарсыз-ау. Жиі-жиі өрекпіп, демігіп, көзіңізге сағынышты да сартапты сортаң жас та үйіріліп қалар. Ең алдымен, повестің авторына – шеберлігі мен «генийлігіне» деген шексіз ризашылық сезім пайда болады. Мінеки, автордың – шығарманың құдіреті!
Петр Гринев – 17 жаста. Әкесі: «Пысысын, ысылсын» деп, қазақтың қумекиеніндегі патшалық Белогорск бекінісіне әскери қызметке жіберген. Ол отбасында өнегелі тәрбие көріп өскен жан. Негізінде, ол – ол сияқтылар іштен тәрбиеленіп туған. Парасатты да пайымды әкеге қалтқысыз бағынышты болғанымен, оның болмысы еркіндікке жаратылған. Өмірге құштар. Бәрін де көзімен көріп, қолымен ұстағысы келеді. Қай нәрсені де талдау жасауға жетік. Батыл, тез шешім қабылдайды. Сасқалақтау дегенді білмейді. Адамдарға бір көргеннен сенеді. Егер де сол сенген адамдары айнып жатса, табанда жауабын береді. Жақсылық үшін басын бәске тігуге даяр. Қысқасын айтқанда, Петя Гринев – досқа берік, махаббатқа бекем, жауына да әділ, шексіз отансүйгіш тұлға. Қараңыз: Пугачев Белогорск бекінісін басып алып, ойранын салып болған соң, Петя Гриневке айтады да сұрайды емес пе: «А коли тебя отпущу, так обещаещься ли по крайней мере против меня не служить?» деп. Сондағы, Петя Гриневтің жауабын байқаңызшы: «Как могу тебе в этом обещаться? Сам знаешь, не моя воля: отечество велить идти против тебя – пойду, делать нечего»...
Петр Гриневке қарап тұрып, ойлайсыз: «Нағыз дипломаттыққа – өтімді тілге, нақты іске, әбжіл қимыл-қарекеттерге жаратылған жан екен ғой!» деп. Кім-кіммен де болса әділ де шынайы, анық та ашық, дәл де тура, ұқыпты да қалтқысыз, өзіне де, өзгеге де залалсыз қалыпта сөйлесе алады. Пугачевтің көмекші итаршысы Белобородов, сатқын Швабриндер оны сыртынан қаншама мәрте азғырады: «Ол шпион, көзін құрту керек» деп. Пугачев Гриневке: «Сен не дейсің, жауап бер?» дейді. Ол жалтақтамастан, саспастан, турасынан да анығынан жауап қатады – жоғарыдағы жауаптары тәріздес қылаусыз да қапысыз мәнерде. Ондай жауаптар Пугачевке ауыр тиіп жатады, әрине. Бірақ, оның өзі туралықты ұстанатын, жалғандықты жақтырмайтын пақыр ғой. Сондықтан да, қаншама ауыр болса да Гриневтің сөздерін құп көріп, мойындауына тура келеді. Петя Гринев ар-намыстың жолында өлімнен де қаймықпайды, мойнына тұзақ киілгенде де, иілмейді!.. Осы тұстағы оқиғаны да түпнұсқадан кеңірек келтіріп өтсек орынды болар, орысша білмейтін қазақ жоқ қой, қазақша білмейтін қазақ болмаса:
«Вешать его!» – сказал Пугачев, не взглянув уже на меня. Мне накинули на шею петлю. Я стал читать про себя молитву... «Не бось, не бось», – повторяли мне губители, может быть и вправду желая меня ободрить. Вдруг услышал я крик: «Постойте, окаянные! Погодите!..» Гляжу: Савельич лежит в ногах у Пугачева. «Отец родной! – говорил бедный дядька. – Что тебе в смерти барского дитяти? Отпусти его; за него тебе выкуп дадут; а для примера и страха ради вели повесить хоть меня старика!» Пугачев дал знак, и меня тотчас развязали и отпустили... Меня снова привели самозванцу и поставили перед ним на колени. Пугачев протянул мне жилистую свою руку. «Целуй руку, целуй руку!» – говорили около меня. Но я предпочел бы самую лютую казнь такому подлому унижению. «Батюшка Петр Андреевич! – шептал Савельич, стоя за мною и толкая меня. – Не упрямься! что тебе стоить? Плюнь да поцелуй у злод... (тьфу) поцелуй у него ручку». Я не шевелился. Пугачев опустил руку, сказав с усмешкою: «Его благородие, знать, одурел от радости. Подымите его!..» Жители начали присягать. Они подходили один за другим, целуя распятие и потом кланяясь самозванцу...».
Кейіннен, Гриневке Пугачев айтады: «Мен анау кәрі қақпасты таныдым, сосын, сені де... Сол кезінде, «үметте» қонып шығып, ертесіне сен қоян ішігіңді сыйлап, «бір стақанға» ақша бергізгеніңде «бұл жақсылығыңды ұмытпаймын» деп едім ғой. Енді, еріктісіңдер қайда барсаңдар да» деп.
Жалпы, түп негізін айтқанда, Петя Гриневтің «Құдайы» бар. Ол, қандай да бір жағдаяттарда «еркін». Құдіреті күштіден берілген еркіндік – оны қайсыбір қысылтаяңдарда да әділдікке бастайды. Әділдік – һақтық. Һаққа – Құдай жақ. Қаншалықты қияметке тап болсаң да, тығырыққа тұппасынан тірелсең де, ақырында – әділдігің алып шығады. Оныңа себепкер де, септес те, сол – жарқын жүзді жақсы жандардың жолыңда жолығысып жататындығы...
Повестің басты бір геройы Швабрин болса, айтқандарымызға – антипод. Мұндайларды әрқайсымыз да күнделікті көріп жүрміз ғой. Сондайлардың бірінің – Швабриннің бет-пердесінің повесте толығынан ішек-қарнына шейін ақтарыла ашылғанына жиіркене отыра қуанасыз да. Барлық оңбағандығын тізбелеп жатпадық, бір сөзбен айтқанда: Швабрин – сайтанның сапалағының нақ өзі! «Пугачевщинадан» кейін, сатқындығы үшін, өмірлік түрмеге жабылады.
Белогорск бекінісінің коменданты капитан Иван Кузмич – Машаның әкесі өте әділ де мейірімді жан. Солдаттардың, жас офицерлердің қамқоршы тәрбиешісі, «әкесі». Бірақ, көріне-көзге қателессең – қатал да. Петя Гринев пен Швабриннің егесінің (Машаға таласының) аяғы жекпе-жекке – қылыштасуға ұласпап па еді. Жеңіліп бара жатқан Швабрин ережені өрескел бұзып, аңдаусызда қараулықпен Петяны ауыр жарақаттаған-ды... Петя мен Маша бір-бірлерін шынайы сүйеді, махаббаттары мөлдір. Петя аса бір өзімшіл сенімділікпен Машаның әкесіне хат жазады: «Маша екеуміздің қосылуымызға батаңызды беріңіз» деп. Иван Кузмичтен жауап келеді. Петя хатты сондайлық бір сенімділікпен ашып қараса...
«Сын мой Петр! Письмо твое, в котором просишь ты нас о родительском нашем благословении и согласии на брак с Марьей Ивановной дочерью Мироновой получили. Ни моего благословения, ни моего согласия дать я тебе не намерен, ибо ты доказал, что шпагу носить еще недостоин, которая пожалована тебе на защиту отечества, а не для дуелей с такими же сорванцами, каков ты сам...».
Әрине, Иван Кузмич жүрек түкпірінде қарсы емес, кейіннен қызына айтады: «Я не против, он тебя не оставить, просто проучить надо было» деп. Иван Кузмичті толығынан танып білу үшін мына бір қайғылы эпизод та жеткілікті шығар: Пугачев оны дарға асайын деп жатқанда сұрайды: «Как ты смел противиться мне, своему государю?» Иван Кузмич айтады қаймықпастан: «Ты мне не государь, ты вор и самозванец, слышь ты!». Дәл осы сөзді капитан Кузмичтің көмекшісі Иван Игнатьич те қайталайды. Екеуі де дарға асылады...
Иван Кузмичтің әйелі Василиса Егоровнаға – Машаның анасына қарайсыз да таңырқайсыз. Әйел затының ақылдысы да адалы. Күйеуінің сенімді серігі әрі қызметтегі көмекшісі, «комендантша». Оны Пугачевтің жендеттері сол жерде қылышпен шауып өлтіреді. Себебі жендеттер оны үйден тыржалаңаш сүйрелеп алып шыққандарында, күйеуінің дарға асылып тұрғанын көріп, ол былай деген еді:
«Злодеи! Что это вы с ним сделали? Свет ты мой, Иван Кузмич, удалая солдатская головушка! Не тронули тебя ни штыки прусские, ни пули турецкие, не в честном бою положил ты свой живот, а сгинул от беглого каторжника!».
Пугачев анау айтқан ақымақ емес, әйтпегенде, соншама әскерді қол астына жинай алар ма еді. Тек, патшалық билікке деген қыж-қыж қайнаған ішкі наразылығы оны мезгілінсіз, дайындықсыз, көзсіздікке алып барған. Оның үстіне, ол о бастан «ұрда-жықтыққа» жаратылған бейбақ емес пе. Пугачев: «Кто же я таков, по твоему разуменю?» деп сұрағанында, Петр Гринев айтады: «Бог тебя знает, но кто бы ты ни был, ты шутишь опасную шутку» деп. (Қандайлық дөп те дәл сөз-ә). Сосын, «кеш болмай тұрғанында, кешірім сұрасаңшы, бәлкім басың аман қалар» дейді. Пугачевтің жауабы: «Маған артқа жол жоқ...».
Маша – Марья Иванқызы Миронова. «Ох, Құдайдың жарата салғаны!» Әппақ гүлге, рауандап атқан ақ таңға, таңғы мөп-мөлдір шыққа теңейсіз бе... қанатты періштелерге ме... (Әрине, мұның бәрі әзірше ішкі тылсымдық бір сезім...)
Жалпы, повесте Машаның болмыс-бейнесі қосалқы кейіпкер ретінде де көрініп қалар кейбірімізге. Жоқ, олай емес, Пушкиннің «пушкиндігі» сол – Машаның бейнесін Асқар Сүлейменов айта беретін «мұнармен, мұнартпен» бүркелеген. Перденің сыртынан ғана сығалатып қойған. Сол Асқар айтқандай: «оқырман шыңғырғандай боп қиналса несі ерсі, алсын қамау терін». «Шайнап берген ас болмас». Бір сөзбен айтқанда: «Повестегі Гриневтен бастап, басқа басты персонаждардың бәрі-бәрі Машаның жұмбақ та тылсым образының – қолға ұстатқандай көз алдыңызда емес, санаңыздың соқыр саңлауларында сыздықтай ашылып, орнығып, жарқырай түсуіне қызмет етеді».
Біз бір сөздерімізде айтқан да едік:
«Әйел мен Ананың айырмасы – Жер мен Көктей! «Әйел» – жалпылама, жадағай ұғым; олар – көп. «Ана» – қасиетті, қастерлі ұғым, – аз. Әйел – алдайды, арбайды, сатады, сатылады; Ана – Жоқ!.. Ешқашанда!.. Олай болса: «Әйелі» көп ел азады, тозады, жоғалады; «Анасы» көп ел – МӘҢГІЛІК!.. АНА – Дүниенің тірегі. Арзан әйел – жегі құрт» деп. Міне, осындағы АНА – Маша.
Попадьи Герасим, попадья Памфиловна. Бұлар да Құдай сыйлаған адал жандар боп шықты. Машаны үйлеріне жасырып, өздерінің бастарын бәске тігіп жүріп, сатқын Швабриннің озбырлығынан сақтап қалады...
Пугачев ат жеккен шана беріп, ен-құлаш тон беріп, аздап ақша беріп, Петя Гриневті итаршылары арқылы (екінші мәрте) шығартып салады. Жолда, Петя бір бекетке қонып шығып, ертесіне Маша мен Савельичті үйіне – әке-шешесінің қарамағына жібереді де, өзі Қазан қаласына «допросқа» аттанады.
Маша Петяның үйіне бірден сіңісіп кетеді.
Әр нәрсеге бір себеп. Себепсіз де септіксіз ештеңе болмайды. Петяның ата-анасынан рұқсат-бата алып, Маша әділдік іздену үшін Петербордың жанындағы Царское селоға – «жазғы сарай» – оның түбіндегі пошта бекетіне (қызметшілері Палаша мен Савельич үшеуі) жетіп жайғасқандарында, әңгімешіл хозяйка әйелмен бас қосысып қалады. Келген жағдай аян етіледі. Сол әйел айтады: «Менің туысым сарайда істейді, мен де сарайға әрегідік барып тұрамын, мүмкін менің көмегім тиіп қалар» деп. Содан, кешкісін, әлгі әйел Машаны жазғы сарайдың жанындағы аллеяға ертіп барып, екеуі қыдырыстайды... Ертесіне, таң атысымен Маша әлгі аллеяға ешкімге айтпастан да білдірместен жалғыз өзі келеді. «Ішкі бір сезім... құдірет шығар итермелеген...» (Кейіннен айтылатын Петяның мына бір сөздерінің астарына да үңіліп көріңіздерші: «Марья Ивановна предчувствовала решение нашей судьбы; сердце ее сильно билось и замирало»). Бір ит алдынан арпылдап шығады, Маша шошынып қалады. Сол кезде, «қорықпаңыз, тістемейді» деген жағымды бір дауыс естіледі. Маша байқастап қараса, анадайда орындықта келісті келген әйел заты отыр екен, жақындап келіп, амандасып болып, орындықтың бір шетіне жайғасады. Әйел сұрайды: «Жайшылықпен жүрсіз бе, бұл жерден емессіз-ау шамасы?» деп. Маша: «Иә, деревняданмын, заң емес, қайырымдылық ізденіп жүрмін» дейді. Бар жағдайын айтады да, қалтасынан Петр Гриневтің ешқандай кінәсі де күнәсі жоқтығын һақиқи дәлелдеп жазған хатын алып көрсетеді. Хатты оқып шыққан әйел, қайтарып береді. Дама, казалось, была тронута... «Ах!.. так, вы же теперешне сирота... дочка того самого коменданта в одной из крепости Оренбургской губерний капитана Миронова? Сендім сөзіңізге, хатыңызға жауапты ұзақ күтпейтін боласыз» дейді де, орнынан тұрып, сарай жақтағы жабық аллеяға кіріп кетеді. («Бұл әйелдің – таңғы серуен құрып жүрген императрица Екатерина екіншінің нақ өзі екендігін Маша сәлден кейін ғана сарайға келіп, қабылдауында болғанында бір-ақ біледі»).
Маша пошта бекетіне келіп, хозяйка әйел әңгіме-сұрақтарын гөйітіп, шай дайындап боламын дегенінше – сарайдың қос ат жеккен каретасы есіктің алдына келіп тоқтайды. Камер-лакей: «Марья Миронова осында ма? Ұлы мәртебелі императрица қабылдауына күтіп отыр, тез жиналсын, өзі ғана!» дейді...
– Государыня подозвала ее и сказала с улыбкою:
– Я рада, что могла сдержать вам свое слово и исполнить вашу просьбу. Дело ваше кончено. Я убеждена в невинности ваше о жениха. Вот письмо, которое сами потрудитесь отвезти к будущему свекрову. – Знаю, что вы не богаты, – сказала она, – но я в долгу перед дочерью капитана Миронова. Не беспокойтесь о будущем. Я беру на себя устроить ваше состояние. – Обласкав бедную сироту, государыня ее отпустила...
Енді, ойланып көрелікші: «Басқа-басқа, ал, тас жетім, қараусыз қалған қаршадай қыз қалай-қайтіп жетер еді бүкіл Ресейдің императрицасының алдына?!.» Ә-ә-ә, жоғарыда, «тылсымдық бір сыр» дегеніміз осы еді. Қайталап айтсақ, Маша Миронова тегіннен-тегін жаратыла салған жан емес-ті... Міне, Пушкиннің шығармасын Машаның атымен – «Капитан қызы» деп атауы сондықтан да. Жоғарыдағы бір сөзімізді тағы да жандандыра түссек: «АНА атына лайықтылар – дүниенің тірегі де кепілі.
«Капитанская дочка» повесі – көбінесе сол кездегі халықтың тілімен жазылған. Әбден жарасып, үйлесіп те үндесіп, әрленіп тұр.
«Капитанская дочка» повесі – бір деммен оқылып шығатын, жаныңды жәудірететін де жадырататын, ізгіліктің бесігінде тербететін толағай жыр.
Повестің концепциясы – Пушкин өзі айтып кеткен: «гәп Пугачевта емес, гәп жалпы наразылықта»; сонымен бірге, бұ бес күн жалғандағы жақсылық пен жамандықтың шарпысуы, сын таразысына түсуі, «жақсы жандардың жасампаздығы», Құдайдың сүйген құлдары Петр Гринев, Маша, Кузмич, Василиса Егорова, Игнатьев, попадьи Герасим, попадья Акулина Памфиловна... Савельич... Палаша... Жақсы адамдар барда ақырзаманның ауылы әлі алыстау.
Повестің шырқау пафосы – қаршадай қыз Машаның бүкіл Ресей патшайымының алдына баруы, әдепті де мәдениетті, ақылды тілде сөйлесе білуі, патшайымның ыстық ықыласты жан-жүрек лебізі және де повесті оқып отырған қайбір де ізгілікті оқырманның жан тебіренер толғанысты да толағай күйге түсуі...
Аса ірі тұлғалар әдебиетте жанр таңдап әуреленіп жатпайды, – олар қай жанрды алса да (оларға тылсымнан «не» келсе де), дәрежелерін (Құдай беріп қойған) жоғары ұстайды. «Ұлы» ақын А. С. Пушкиннің «Капитанская дочка» повесі – қара сөзі – ХІХ ғасырдағы, әлем әдебиетіндегі әйгілі жазушылардың прозалық шығармаларынан бір мысқал да кем емес, хаса артық болмаса!..
– Аһ-һ! – Александр Сергейұлы Пушкин. Құдай сыйлаған, – құдіреті күштінің сүйікті құлы. «ГЕНИЙ ЧИСТОЙ КРАСОТЫ!!!»
P. S. Енді «Капитан қызы» повесінің хатқа түсірілу тарихынан бір ауыз сөз:
Әуелден айтып аларымыз, Пушкиннің «Пугачев көтерілісіне» жеке өзінің көзқарасы, тоқтам пікірі: «Не приведи Бог видеть русский бунт, бессмысленный и беспощадный!»(«Пушкиннің сол айтқаны 1917 жылы дәл келді». Сауытбек Абдрахманов. «Вер бана ат». «Елорда» баспасы. Астана. 2006 ж.)
Игілік ӘЙМЕН,
жазушы, сыншы, публицист