• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2019

Алматы түлектері алтын ұя – мектебімен қоштасты

1225 рет
көрсетілді

Алматы мектептерінің 8 мыңнан астам түлегі үшін «Соңғы қоңырау» соғылды деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданы «Таугүл-3» ықшам ауданындағы №175 гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанатты рәсіміне қатысып, мектеп бітіруші түлектер, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, әлемнің ең озық 30 елінің көшіне ілесу үшін жаңа білімді меңгеріп, жаңа мақсаттарға жету керектігін айтты. Сондай-ақ қала әкімі соңғы үш жыл ішінде 3 жаңа қазақ мектебінің ашылғанын, оның екеуінің жеке инвесторлармен әріптестік ынтымақтастық барысында салынғанын атап өтті.

Алдағы оқу жылында Алатау ауданында тағы бір қазақ мектебі ашылатын болады. Екі қазақ мектебі жанынан 400 және 900 орынды қосалқы нысандар іске қосылады. Таяу уақытта 7900 орынды тағы 8 жаңа мектеп салу жоспарланған.

«Қазіргі кезде қалада заманауи сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Елбасы үнемі XXI ғасыр – білім мен ғылым ғасыры деп айтып келеді. Тек білімді әрі білікті кадрларды өсіргенде ғана біз қуатты және гүлденген мемлекетке айналамыз. Биылғы 236 мың оқушының 98,7%-і мектеп жанындағы және қала сыртындағы 800-ге жуық лагерьге баратын болады, оған жергілікті бюджет есебінен 232,4 млн теңге қаржы қарастырылды. Қалған балалар түрлі үйірме және клубтарға, спорттық секцияларға қамтылады. Мемлекет және қала әкімдігі тарапынан балалардың әлеуметтік жағдайына да ерекше мән берілген. Биылғы оқу жылында қала мектептерінде үздік оқитын, көпбалалы отбасынан шыққан 2614 оқушы жергілікті бюджет есебінен стипендия алды», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.