• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2019

Оңдасын Оразалин облыс орталығындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді

967 рет
көрсетілді

Өңір басшысы кезекті жұмыс сапары барысында жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелердің басшыларына жөндеу және құрылыс жұмыстарын жоғары сапада орындауды тапсырып, нәтижесіне жекелей жауапты екендерін ескертті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі  уақытта  Ақтөбе қаласында  автожолдарды  күрделі  жөндеуге  байланысты  ауқымды  жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Өрлеу  елдімекенінде - 5,7 шақырым, Ақжар елдімекенінде - 2,6 шақырым  жол асфальтталып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар  қоса салынуда.

Одан өзге, Бекқұл баба  ауылының орталығындағы 1,2 шақырым көше мен Ясный  елдімекенінің жолдарына  жақын арада  жөндеу жұмыстары басталмақ.