• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Мамыр, 2019

«Джиро д'Италия»: «Астана» өкілі кезең жеңімпазы атанды

829 рет
көрсетілді

Италия тасжолдарында өтіп жатқан велоспорттан «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 15-ші кезеңінде «Астана» командасының италиялық велошабандозы Дарио Катальдо жеңімпаз атанды.

232 шақырымға созылған таулы кезеңді Катальдо бес сағат, 48 минут 15 секундта жүріп өтті. Жеңімпазбен бір уақытта мәре сызығын кескен «Androni Giocattoli» өкілі Маттиа Каттанео екінші орынды иеленсе, үздік үштікті «Mitchelton-Scott» спортшысы Саймон Йейтс қорытындылады. Ол жеңімпаздан 11 секунд қалып қойды. Сондай-ақ «Астана» командасының капитаны Мигель Анхель Лопес бұл кезеңді жетінші орынмен аяқтады.

Ал веложарыстың жалпы есебінде эквадорлық Ричард Карапас («Movistar») – 64 сағат, 24 минутпен көш бастап тұр. Екінші орында словениялық Примож Роглич («Jumbo-Visma») (+47 секунд) болса, үшінші сатыда «Астананың» экс-велошабандозы италиялық Винченцо Нибали («Bahrain Merida») (+1:47 минут) келеді. «Астана» капитаны Лопес 10-орында жайғасқан (+5:55).

Айта кетейік, бұл «Астананың» «Джиродағы» екінші жеңісі. Бұған дейін жетінші кезеңде испаниялық велошабандоз Пельо Бильбао «Астанаға» алғашқы жеңісті сыйлаған болатын.