Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, Орталық, «Жетісу», «Жерұйық» және «Студенттік» саябақтарының әкімшілігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан 11 үрлемелі батут жұмысы тоқтатылды.
Қазіргі уақытта қала әкімдігі сауда, ойын-сауық орталықтары аумағында ойын-сауықтық нысандарды орнатуға рұқсат бермейді.
Кәсіпкерлер сауда орталықтарында және басқа да жеке меншік объектілерде батуттарды екі кәсіпкерлік субъектісі арасында жалдау шарты негізінде орналастырады. Сонымен қатар, заңды тұлғаның жарғысында, атап айтқанда, сауда орталығының иесі аумақты жалдауды қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ, саябақ әкімшіліктері келісімшарт бойынша жел секундына 10 метр жылдамдықпен соққанда, ауа-райының тұрақтанғанына дейін батуттар және аттракциондар жұмысын тоқтатуы тиіс.
«Сонымен қатар, бүгінгі таңда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті батуттардың және аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін әзірледі», – деп атап өтті Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан.