• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Мамыр, 2019

Спорттық би мәселесі талқыланды

1360 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітовтің түрлі федерация өкілдерімен бейресми жағдайда кездесуі жақсы бір дәстүрге айналды.

Бұл жолы ол спорттық би өкілдерімен кездесіп, әдемілік пен әсемдікке негізделген осы спорт түрінің даму барысы жайында кеңінен әңгіме қозғалды. «Алматылық федерация – республикамыздағы ең үздігі. Алатау баурайындағы әсем шаһарда 31 клуб жұмыс істейді және олар ешкімге алақан жаймай, өз-өздерін қаржыландырып отыр», – дейді қалалық Спорттық би федерациясының президенті Галина Зайдентрумф.

Айтулы клубтарды балалары спорттық бимен айналысатын ата-аналар қаржыландырады. Федерация оларды халықаралық турнирлерге жібереді. Ал ішкі жарыстарға келер болсақ, бишілердің басты проблемасы – арнайы алаңдар жоқ. Жалдау бағасы қымбат. Сол себепті де ұйымдастырушылар жарыстар билетінің бағасын көтеруге мәжбүр. Ал балаларының өнерін тамашалау үшін ата-аналарынан бөлек, ата-апалары, туған-туыстары да келеді. Яғни, олардың қалтасына салмақ түседі.

Жиында Алматы қаласында ірі халықаралық турнир өткізу мәселесі талқыланды. Құрметті қонақ ретінде ең үздік жұптардың бірі - италиялық Стефано де Филиппо мен Дарья Чеснокованы шақыру жайында ұсыныс айтылды. Осындай кәсіпқойларды көргеннен кейін көптеген алматылық би өнерімен айналысқысы келетіні сөзсіз.