Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:36
Қазіргі кезде Отан алдында әскери борышын өтегісі және өмірін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін жастардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Оған келісімшартпен азаматтық борышын өтегісі келетін жас азаматтарды жинау пункттерінің ашылуы да мысал бола алады. Елімізде биылғы әскерге шақыру басталды. Осыған орай біз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат МАЙКЕЕВПЕН әңгімелескен едік.
Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:36
Қазіргі кезде Отан алдында әскери борышын өтегісі және өмірін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін жастардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Оған келісімшартпен азаматтық борышын өтегісі келетін жас азаматтарды жинау пункттерінің ашылуы да мысал бола алады. Елімізде биылғы әскерге шақыру басталды. Осыған орай біз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат МАЙКЕЕВПЕН әңгімелескен едік.
– Қарулы Күштерді реформалау жоспарларына сәйкес соңғы жылдары келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің саны айтарлықтай артты. Бірақ, мерзімді әскери қызмет Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің маңызды құрамы болып қала береді, – деп бастады әңгімесін Мұрат Майкеев. – Әр жарты жыл сайын Құрлық әскерлерінің барлық әскери бөлімдері олар еліміз бойынша елуден асады, толығып отырады. Әскерге шақырылушылардың басым көпшілігі әскери борышын өтеу үшін Құрлық әскерлеріне жіберіледі.– Құрлық әскерлері туралы кеңірек айтып берсеңіз. Оның қатарына қандай бөлімдер кіреді?– Құрлық әскерлері – Қарулы Күштеріміздің ең маңызды және ең көп түрі. Құрлық әскерлерінің құрамына мотоатқыш, танкті, десантты-шабуылдаушы және артиллериялық әскери бөлімдер және теңіз жаяу әскері бригадасы кіреді. Бұдан басқа, Құрлық әскерлерінің құрамында жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери бөлімдері бар. Құрлық әскерлерінің құрылымдары мен құрамалары 24 гарнизонда орналасқан.– Әскер қатарына білікті мамандарды алу, келісімшартпен әскери борышын өтегісі келетін азаматтар туралы не айтар едіңіз?– Бүгінгі таңда Қарулы Күштерде білікті мамандарға деген сұраныс артуда. Сондықтан, әскерге шақыру кезінде шақырылушының біліміне басты назар аударылуда.Қорғаныс министрінің талабына сәйкес жауынгерлік даярлық қарқындылығының едәуір артқанын атап өткен жөн. Сарбаздардың мерзімді әскери қызметінің бәрін қолына күрек немесе сыпыртқы ұстаумен өткізу сияқты жайттар артта қалды. Қазір, тіпті, асхана бойынша барлық жұмысты әскермен келісімшарт бойынша қызмет істейтін азаматтық ұйымдар өз мойындарына алған. Барлық әскери қызметшілердің басты жұмысы – жауынгерлік даярлық, жорықтық-марштар, далалық жаттығулар.Әскерге шақырылушының денсаулық жағдайынан басқа, біз жастарды психологиялық жағынан іріктеуге де баса назар аударамыз.Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша, оқыту құрамаларында жарты жылдық даярлық жүргізіледі. Қазір біздегі Құрлық әскерлерінің оқу орталығында механик-жүргізуші және танктің, БМП, артиллериялық өздігінен жүретін зеңбіректің жетекші-операторы мамандықтары бойынша оқыту ұйымдастырылған. Байланыс құралдарының және инженерлік әскерлердің кіші мамандары өз алдына бөлек дайындықтан өтеді.Қорғаныс министрі әскери тәртіпке ерекше көңіл бөлуде. Қазір Құрлық әскерлерінде, барлық Қарулы Күштерде деп айтсақ та болады, құқық бұзушылықтарға жол бермеу шаралары қолданылуда. Барлық құрылымдар бір шақырылымның әскери қызметшілерімен жинақталады. Әлімжеттік барлық жерде жойылған десек те болады. Барлық казармалар әскери бөлім бойынша кезекшіге шығарылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, бұл жағдайды үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік береді.Әр казармадағы стендттерде Құрлық әскерлері бас қолбасшысының, өңірлік әскерлер қолбасшыларының және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасарларының ұялы телефондарының нөмірлері көрсетілген, бұл нөмірлерге кез келген уақытта қоңырау шалуға және СМС-хабарлама жазуға болады. Анонимді түрде де жаза алады. Сол сияқты, әр өтініш бойынша тексеріс жүргізіледі, егер тәртіп бұзушылықтар болса, жедел шара қолданылып, кемшіліктер жойылады.
ӘңгімелескенДастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан».