Токионың Кавасаки
қаласында белгісіз ер адам автобусты күтіп тұрған оқушылар тобына пышақ ала жүгірген, кем дегенде 18 адам жараланған. Олардың екеуі қаза тапты: бастауыш сынып оқушысы және 39 жастағы ер адам.
Сондай-ақ 50 жастағы күдікті
ер адам өзінің мойнын пышақпен жаралап, кейіннен қолға түсті. Алайда ол да
алған жарақатынан қайтыс болды.
Шабуылдың себебі
белгісіз.
Kyodo жаңалықтар сайтының
хабарлауынша, зардап шеккендердің 16-сы мектеп оқушылары.
Зорлық-зомбылыққа қарсы
әрекет ететін полиция оқиға орнынан екі пышақ тапты, деп хабарлайды NHK.
Жапонияда мемлекеттік сапармен жүрген АҚШ президенті Дональд Трамп қайғылы оқиғаға көңіл айтты.
Жапония әлемдегі зорлық-зомбылық деңгейі ең төмен елдерге жатады, бірақ соңғы жылдары пышақ қолдану арқылы бірнеше шабуыл жасалды.