• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 28 Мамыр, 2019

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулыға қол қойды

951 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталсын:

Путин Владимир Владимирович - Ресей Федерациясының Президенті

Лукашенко Александр Григорьевич - Беларусь Республикасының Президенті

Жээнбеков Сооронбай Шарипович - Қырғыз Республикасының Президенті.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                Қ.Тоқаев 

 Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 мамыр № 50