• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2013

Бұл – адамды ширата түсетін қадам

296 рет
көрсетілді

Бұл – адамды ширата түсетін қадам

Бейсенбі, 18 сәуір 2013 2:18

Әйелдердің зейнет жасын ұлғайту, біріншіден, еңбек етіп жүрген адамды ширата түсетін қадам деп санаймын. Олай дейтінім, кеше ғана еңбек етіп, өзін шама-шарқынша күтіп жүрген жандар зейнеткерлікке шығысымен күрт шау тартып кете­тіндігін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Екіншіден, тұрақты еңбекақы төленеді. Бұл – күнделікті өмірде нақтылы әрекетті жоспарлауға мем­лекеттік кепіл.

Құдайға шүкір, үлкен қызым тұрмысқа шығып, екі немере сүйгізіп отыр. Тағдырдың жазуы шығар, екінші қызым бала күнінен мүгедек болып қалды. Үшінші қызым жоғары оқу орнында, кенжеміз мектепте оқиды. Жұбайым жиһаз жасап, адал еңбегімен бала-шаға нәпақасын табуда. Сондықтан айлық жалақыға қарап отырған жандардың бірі болғандықтан, зейнетақы жүйесін жаңғыртуды қолдаймын.Талдықорған қаласында орна­ласқан облыстық балаларды оңалту орта­лығында кір киімдерді жуушы болып табатын жалақым балаларымның бір қажеттілігін өтегенде қуанып қаламын. Сол қуанышты ұзарта түсуге жасалған қадамды қалай қол­­дамаймын. Қолдаймын. Айлық табы­сымның заңнамамен белгіленген пайызы зейнетақы қорына аударылып, болашаққа деген сенімімді туғызған сайын құдайға тәубешілік айтып, неғұрлым ұзағырақ жұмыс істесек солғұрлым өсімі мол болатынын да білеміз. Қарапайым еңбек адамы ретінде зейнетақы жүйесін жаңғыртуды қолдайтынымның бір себебі осы.

Сәуле Сатыбалдинова,Алматы облыстық балаларды оңалту орталығының жұмысшысы.