«Бірыңғай терезені» енгізудің негізінде СЭҚ қатысушыларына сол немесе өзге құжаттар мен рұқсаттар жинау үшін әр түрлі мекемелерге бару қажет болмайды. Кедендік рәсімдерді өту процестері тездетіледі және оңайлатылады, СЭҚ қатысушыларының уақыт және құн шығындары азаяды.
Шешімдер қабылдау кезінде адам факторын болдырмау сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға, кедендік және өзге де мемлекеттік органдары әрекеттерінің айқындылығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Бірыңғай терезе» порталының көмегімен СЭҚ қатысушылары экспорттық-импорттық операциялар жасау үшін қажетті ақпаратты стандартталған түрде бірыңғай интерфейс арқылы ұсына алады. Сонымен бірге, портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын ала ақпаратты алу мүмкіндігін береді. «Бірыңғай терезе» арқылы экспорттық-импорттық операцияларға қажетті барлық рұқсат құжаттарды алу, орындалу мәртебесін, оның ішінде мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау есебінен бақылау мүмкіндігі ұсынылатын болады. Порталдың функционалына және оның негізгі элементтеріне мыналар кіреді:
- Электронды рұқсат құжаттарын және лицензияларды алу;
- Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мәртебесін алу бойынша электронды қызмет көрсету;
- Электронды кедендік декларациялау;
- Кедендік алдын ала шешімдерді беру бойынша электронды қызмет көрсету;
- Интеграцияланған кедендік тариф;
- Анықтамалықтар және құжаттар тізілімі;
- Нормативті-құқықтық құжаттаманы іздеу және қарау.
Ағымдағы жылдың 27 наурызында «Бірыңғай терезе» порталын пайдалануға енгізудің бірінші кезеңі жүзеге асырылған. 2019 жылдың аяғына дейін «Бірыңғай терезе» механизмін өнеркәсiптiк пайдалануға iске қосу жоспарланған.
Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталының жеке парағының мекен-жайы – www.eokno.gov.kz (www.sw.gov.kz)
Порталдың жұмысына қатысты мәселелер бойынша https://t.me/eoknokz сілтемесі бойынша Telegram бұқаралық тобына хабарласуға болады.