• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Мамыр, 2019

Боксшылар Атырауда айқасады

883 рет
көрсетілді

4-8 маусым аралығында Атырауда бокстан қазақтың қос батыры – Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің жалауы желбірейді.

Атырауда өтіп тұратын осы дәстүрлі жарыстың беделі жылдан жылға артып келеді. Оған еліміздің және алыс-жақын шет мемлекеттерден келген көптеген былғары қолғап шеберлері қатысуда. Мәселен, былтырғы бәсекеде 10 бас жүлденің жетеуін өз өрендеріміз олжалады. Олар – Қуаныш Дүйсенбай (52 кило), Асылжан Орақбаев (60 кило), Асқар Ерубек (64 кило), Рай Сейітжанов (69 кило), Азамат Бақытов (81 кило), Темірлан Қабиев (91 кило) және Есенәлі Шунғарин (+91 кило). Қалған алтынды ирандық Омид Ахмадсафа (49 кило), Моңғолиядан келген қандасымыз Нұрлан Асқар (56 кило) және ресейлік Тимур Карефов (75 кило) жеңіп алды.

Биылғы жарыстың басты жұлдыздары – Абылайхан Жүсіпов (69 кило) пен Әбілхан Аманқұл (75 кило). Былтыр Ақтауда Қазақстан чемпионы атанғананан кейін олар бірқатар дүбірлі додаларға қатысқан жоқ. Себебі, жарақат алып, ем-дом қабылдады. Соның салдарынан екеуі де Азия чемпионатынан тыс қалды. Міне, енді атақты боксшыларымыз қайта қатарға қосылып, Атыраудағы турнирде күш сынасқалы жатыр.