• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Маусым, 2019

Жапонияда семсерлесушілеріміз жолдама үшін таласады

923 рет
көрсетілді

12-19 маусым аралғында Жапонияның астанасы – Токиода семсерлесуден Азия чемпионаты өтеді. Осы бәсекелер барысында Олимпия ойындарының жолдамалары да сарапқа салынады.

Күн шығыс елінде 18 жерлесіміз өнер көрсетеді. Олар   – Дмитрий Алексанин, Руслан Құрбанов, Елмир Әлімжанов, Иван Дерябин, Вадим Шарлаимов (шпага, ерлер); Ульяна Балаганская, Әсел Әлибекова, Владислава Андреева, София Николайчук (шпага, әйелдер); Илья Мокрецов, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы, Нұржан Кәрім (қылыш, ерлер); Тамара Почекутова, Айгерим Сарыбай, Татьяна Приходько, Айбике Хабибуллина.

Ал былтыр Бангкокта өткен құрлықтың басты додасында Қазақстан құрамасы үш жүлдеге қол жеткізген еді. Атап айтсақ, шпага жаттығуында Дмитрий Алексанин күміс медальді иеленсе, қалған екеуін командалық сайыстарда жеңіп алдық.