• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Маусым, 2019

Денсаулық сақтау саласының мәселелері талқыланды

1365 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Серік Бектұрғанов пен Мұрат Бақтиярұлы еліміздің денсаулық сақтау саласындағы мамандар қорын басқару, салааралық үйлестіру мен дәрігерлік және фармацевти­калық білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесті.

Министрліктің ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Сәуле Сыдықова сала­­ның ахуалы туралы сенатор­ларды хабардар етті. Бұл ретте, қалалық және ауылдық жер­лерді дәрігер мамандармен қам­тамасыз етуде айырмашылық сақ­талуда (қалада – 10 мың тұр­ғынға 56,8, ауылдық жерлерде 10 мың тұрғынға 16,1 маманнан ке­ле­ді). Бүгінде жұмысқа алын­баған штаттық орындар бойынша 2481,75 дәрігер тапшы болып отыр.

Департамент басшысы меди­циналық білім беруді жаң­ғыр­ту аясында дәрігерлік универси­тет­­терді дамытудың 5 жылға ар­­нал­ған стратегиялық жос­пар­лары жасалғанын, онда оқыту бағ­­дар­ламаларын өзгерту және стра­тегиялық серіктестер – шет­ел­дік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағ­дарламасын енгізу, меди­ци­налық жоғары оқу орындары­ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту, универ­ситеттік клиникаларды құру, профессорлық-оқытушылар құ­рамының әлеуетін арттыру көз­делгенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда Денсаулық сақ­тау министр­лігі еліміздің ден­саулық сақтау жүйесінде адам ка­питалын дамытудың 2025 жыл­ға де­йінгі тұжырымдамалық әдіс­терін бекітті, ол денсаулық сақ­тау жүйесінде кадр саясатын жетіл­діруді және денсаулық сақтау қызметкерлерін даярлау­дың және үздіксіз кәсіби дамы­тудың жаңа сапасын қамтамасыз етуді көздейді.

Денсаулық сақтау жүйесін­де кадр саясатын жетілдіру жө­нін­дегі міндеттерді іске асыру аясында салалық біліктілік жү­йесі жетілдіріледі, денсаулық сақ­­тау­дың кадрлық ресурстарын бас­қару тетіктері жаңғыртылады, ден­саулық сақтаудың кадрлық ре­сурс­­тарын талдау, болжау және мониторинг жүргізу әдіс­тері жетіл­діріліп, медицина қыз­мет­­кер­­лерінің тартымды бейне­сі қалып­тасады, кәсібінің беделі арта түсетін болады», деді С.Сыдықова.

Шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Семей медици­на­лық университеттерінің ректорлары да қатысып, депутаттардың сұрақ­тарына жауап берді. Депу­тат­тар оқу орнын бітірген тү­лек­тердің жіберілген жердегі қыз­метін атқаруы мәселесін, тү­лек­тердің жалпылама емдейтін дәрі­гер секілді жұмыс істей ал­май­тынын сұрады, сондай-ақ дәрі­герлік колледждерде мейірбикелерді даярлау сапасын қайта қарау мәселесі де көтерілді. Сындарлы үнқатысу мен пікір алмасу болды.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы шараны қорытындылай келіп, Парламент пен барлық мүдделі органдардың бірлескен жұмысын одан әрі жалғастыру маңызды деп санайтынын жеткізді.