• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Маусым, 2019

Қарағанды облысында «Ұлы Дала Мұрасы» атты халықаралық фестиваль өтеді

1079 рет
көрсетілді

Жезқазған өңірінде 11-13 маусым күндері «Ұлы Дала Мұрасы» атты халықаралық фестивалі өтеді. Елбасының «Қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұйымдастырылғалы отырған бұл айтулы шараға отандық және шетелдік мұражайлар мен мұрағаттардың өкілдері қатысады. Атап айтқанда, фестивальге Түркия, Мысыр, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Моңғолиядан делегаттар келмекші.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеуді, қазақ халқының тарихын зерттеуді мақсат еткен шараға Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мұрындық болып отыр.

Фестиваль бағдарламасы аясында «Тарихта өз есіміңді қалдыр» акциясы, шеберлік дәрістері, мұражай қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер, Ұлытаудың қасиетті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады деп жоспарланған.

«Ұлы Дала Мұрасы» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты 11 маусым күні сағат 10.00-де Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының алаңында (Алашахан көшесі, 22) өтеді.