Қазақстандағы президенттік сайлауға байқаушы болып тіркелген ресейлік актер Александр Рапопорт өзі аралап көрген сайлау учаскелерінде барлығы бірқалыпты, бекітілген талаптарға сай өткенін айтты.
− Әр мемлекеттің сайлау өткізуде өзіндік ерекшеліктері бар. Меніңше, Қазақстандағы сайлауда бекітілген шектен аспайтыны, қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұрғандығымен ерекше. Оның үстіне қазақ халқының қонақжай, мерекелік дарқан көңілі сайлау науқанында да сезіледі. Бұны менен басқа да байқаушылар айтып жатыр, – деді халықаралық байқаушы.
Айта кетерлігі, қазақ көрермендеріне кеңінен танымал «Көшбасшы жолы» фильміне түскен ресейлік әртіс Александр Рапопорт 30 жылдан бері Нью-Йоркте тұрады. Оның айтуынша, Батыс пен Шығыста сайлауға келуші халықтың таным-түсінігінде айырмашылықтар бар.
Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»