• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі Кеше

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды

10 рет
көрсетілді

 

Өткен жылғы шілде айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласының 34 жастағы тұрғынын, киім сату дүкендері желісінің иесі, жеке кәсіпкерді есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті заңсыз пайда табу мақсатында синтетикалық есірткі заттарын қала аумағында жасырын орындарға қойып кетіп, таратумен айналысқан.

«Ұстау кезінде одан жалпы салмағы шамамен 5 грамм болатын синтетикалық зат салынған 13 орам тәркіленді», делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан жеке тұтыну үшін сақтаған жалпы салмағы 6 грамнан асатын гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді.

Көлік полицейлері есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар