Саяси додада топ жарған бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды жаңа белеске көтеретініне сенім арта білуіміз керек. Қазақ ежелден сөзге тоқтай білген, дәм-тұзды ақтай білген халық емес пе едік. Қасым-Жомарт Кемелұлының кешегі ұлықтау рәсімінде айтқанындай, оған дейін де көтеріп келе жатқан мәселелерін тыңдаған болсақ, әділет жолында ел басқарудың жаңа дәуіріне өтеміз деп отыр. Бұл сөз ойлау жүйесі жаңа демократ тұлғаның сөзі.
Жүйеге күйе жаға салу бәріміздің қолымыздан келеді. Бірақ, жүйені жөндеуге ешкімнің сабыры жетер емес. Баукең айтпақшы, заңға бағынсақ ешкімнің құлы болмаймыз. Біз біреулерді үлгі тұтпауымыз керек, қайта бізден үлгі алсын өзгелер. Билік жастардың талап-тілектерін тыңдап және соны орындауға шама-шарқынша көніп отыр. Тек сол әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беруіміз керек. Алдағы бес жылда үлкен белеске шығатынымызға сенгеніміз жөн. Белеске бейбіт күнде ғана көтеріле аламыз.
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері