• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Маусым, 2019

«Реал Мадрид» трансферге 303 миллион евро жұмсады

396 рет
көрсетілді

Осыған дейін Францияның «Лионында» ойнаған Ферлан Менди Испания Премьер-лигасында өнер көрсететін Мадридтің «Реал» клубының жейдесін киді.

Сол қапталдағы қорғаушымен корольдік клуб алты жылдық келісімшартқа отырды. Тені сенегалдық футболшының траснферлік құны 48 миллион евроны құрап отыр. Осыған дейін Менди «Гавр» мен «Лионнның» сапында ойнады. Былтырғы маусымда ол Францияның ұлттық құрамасы сапында екі кездесу өткізді.

Осылайша, «Реал» жаңа ойыншыларды сатып алу жағынан өзінің бұрынғы рекордын жаңартты. Биыл олар өз командасын күшейту мақсатында 303 миллион евро жұмсады. Биыл мадридтік команданың қатарына Ферлан Мендиден бөлек, бельгиялық Эден Азар («Челси», 100 миллион евро), сербиялық Лука Йович («Айнтрахт», 60 млн.) және бразилиялық Эдер Милитан («Порту», 50 млн.) мен Родриго Силва де Гоис («Сантос», 45 млн.) қосылды.

Ал бұрынғы рекордтың мұрты 10 жыл бойы бұзылмай тұрған еді. Ол кезде «Реал» 258,5 миллион евро жұмсап, Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед», 94 млн.), Кака («Милан», 67 млн.), Кәрім Бензема («Лион», 35 млн.), Хаби Алонсо («Ливерпуль», 34,5 млн.), Рауль Альбиоль («Валенсия», 15 млн.), Альваро Негредо («Альмерия», 5 млн.), Альваро Арбелоа («Ливерпуль», 4 млн.) және Эстебан Гранеро («Хетафе», 4 млн.) сынды саңлақтарды өз сапына қабылдады.