• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2019

Алматыда Орталық Азия балалар хирургтары ассоциацияларының І съезі өтіп жатыр

347 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда Орталық Азия балалар хирургтары ассоциацияларының І съезі басталды. Онымен қатар «Қазақстан балалар хирургтары» РҚБ І съезі қатар жүруде.

Екі күнге созылатын съезде балалар хирургиясының ең өзекті сұрақтары: инновациялық технологияларды енгізу мен алдағы даму жоспары анықталады.

Съезде Қазақстан мен ТМД мемлекеттеріндегі балалар хирургиясының дамуы, балалардың кардиоторакалды хирургиясы, нейрохирургия, травмотология және ортопедия, гепатобиллиарлы аймақ пен ұйқы безінің хирургиясы, педиатрия мен балалар хирургиясындағы шекаралық жағдайлары тақырыптары талқыланып отыр. Өзекті мәселелер қатарында балалар колопроктологиясы мен уро-андрологиясы және ургентті хирургия бар.

Сондай-ақ съезд шеңберінде ТМД мен Қазақстаннан арнайы шақырылған спикерлердің қатысуымен  «Балалар хирургиясындағы заңнамалық актілер» атты дөңгелек үстел өтеді. «Қазақстан балалар хирургтары» РҚБ өзінің алғашқы отырысын ұйымдастырып, «Жас ғалымдар сайысы» жарияланғанын мәлімдеді.

Съезге Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің танымал балалар хирургтары келді.

Жұма күні съезд қорытындысы бойынша Қарар қабылданады.  

АЛМАТЫ