• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
13 Маусым, 2019

ШҚО-да 6 жарым мың мұғалім 2 жыл бойы алмаған қосымша ақыларын алды

622 рет
көрсетілді

2017-2018 жылдар аралығында берешек 87 млн.теңгеден асқан.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін өңірдің мұғалімдеріне тиесілі қосымша ақы төленді. «Облыс прокуратурасы мектеп қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуына тексеру жүргізіп, 6 жарым мың мұғалімге ерекше қажеттілігі бар балаларымен жұмысы үшін қосымша ақы төленбегенін анықтады.  Базалық еңбекақыға 40% қосымша төлемді мұғалімдер 2 жыл бойы алмаған. 2017-2018 жылдар аралығында берешек 87 млн.теңгеден асқан. Қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге бүгінгі күні 14 млн. теңгеден астам қосымша ақы төленді» делінген Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.  

ӨСКЕМЕН