• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 14 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына келді

614 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді.

Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта АӨСШК-ге Азияның 27 мемлекеті мүшелік етеді. АӨСШК-ті шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында жария етті. 

Бастаманың негізгі мақсаты -  өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиімді және қолайлы құрылым құруға ұмтылу. 

Тәжікстан АӨСШК тарихында Кеңес төрағасы болған төртінші мемлекет. 2018 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында Форумдағы төрағалық Қытайдан Тәжікстанға өтті. Тәжік тарапы диалогтағы өз төрағалығының тақырыбын «Орнықты даму арқылы жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздік» деп таңдады.