• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Маусым, 2019

АӨСШК - Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторы - Қ. Тоқаев

617 рет
көрсетілді

Бүгін Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бесінші саммиті өтіп жатыр.

Өз кезегінде сөз алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрлықтың тарихында жаңа кезеңді ашып, Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көзіне айналғанын айтты. 

«Форумның географиясын кеңейту оның халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттырды. Бүгінгі күні АӨСШК - Азиялық аймақтың 35 мемлекеті мен ғаламшардың жартысына жуығын біріктіретін беделді, көпжақты құрылым» деді ел Президенті.

Сондай-ақ Қ. Тоқаев кеңесті шақыру идеясын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында жария еткенін айтып өтті. «АӨСШК-ті өткізу идеясы біздің континентіміздің тарихында жаңа кезең ашып, Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір факторына айналды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ел Президенті барлық мемлекетті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің тиімділігін одан әрі арттыруға шақырды.