• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 15 Маусым, 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті

497 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Қатармен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді. 

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне Футболдан әлем чемпионатын абыроймен өткізуге тілектестік білдірді.