"Өкінішке қарай, халықаралық ахуал айтарлықтай күрделене түсті. Қақтығыстардың көбеюі және қауіпсіздік механизмдерінің эрозиясы,сауда және санкциялық соғыстар, шиеленіс - бұл жаңа геосаяси шындық. Азия өңірінде қауіпсіздік қатері, идеологиялық және этножелілік қайшылықтар алаңдаушылық туғызады. Осы жағдайларда Азиядағы қауіпсіздіктің түйінді мәселелерін шешуге жүйелі және кешенді тәсілдер қажет. Осыған байланысты Қазақстанның АӨСШК-ні одан әрі дамыту көзқарасымен бөліскім келеді. Біріншіден, барлық достарымыз мен әріптестерімізді форумның тиімділігі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін күш-жігерді біріктіруге шақырамын", деді Қ. Тоқаев.
Айта кетейік, бұл ауқымды шараға оннан астам елдің Президенті мен Үкімет басшылары қатысып жатыр.