• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2019

Теңізді ластау қашанға дейін жалғасады?

825 рет
көрсетілді

Каспий теңізінің экологиясы – аса маңызды мәселе. Теңіз бетінде немесе жағалауда орын алған кез келген құбылысты, жағдайды халықтың қалт жібермейтіні сондықтан.

Бірақ халықтың қырағы назары қан­шалықты қада­ғалағанымен теңізді қолдан бүл­дірушілер де айылын жия­тын емес. Теңізден заңсыз балық аулау­шылар, өз­ге де зиянды әре­кеттер өз алдына, лас су төгу жағдайының қайталануы ақылға сый­майды. Жуырда Ақтау қаласының 1-шағын аудан тұсындағы жағалауға лас су төгіліп, тиісті орындар кінәлі меке­мені іздеп тапқан еді. Лас судың құрамында никель, марганец пен мыс сынды денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды элементтер мөлшерінің көп екендігі анық­талды. Кінәлі ме­кеме теңізге зиян келтіргені үшін 1,7 млн теңге айыппұл арқалаған еді.

Бұл жолы жағымсыз жағ­дай тағы қай­таланды. Сап-са­ры су қала­ның 1-ша­ғын ауданы тұсындағы жағалауға канал арқылы құйылған.

Маңғыстау облыстық эко­­­ло­гия депар­таменті қыз­мет­­керлері теңіз жағасына барып, судың сынамасын ал­ды, әзірге оның қоры­тын­дысы анықталған жоқ. Лас су құрамындағы зияндылық мөлшері де, оны көк теңізге төк­­кендер де анықталып, айып­пұл салынар. Бірақ мың­­даған тұрғынның ауыз суына айналған, онсыз да эко­логиялық ахуалы алаң­датарлық көк теңізді қолдан лас­тау қаскөйлік емей немене?! Біле тұра қол­дан бүл­діруді қасақана жасау деу­ден басқа амал жоқ. Сонда бұ­лай та­биғатты бүлдіре беру қа­шан­ға дейін жал­ғасады?

 

Маңғыстау облысы