• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2019

Ғаламшардағы халық саны 11 миллиардқа жетуі мүмкін

692 рет
көрсетілді

БҰҰ деректері XXI ғасырдың соңында әлем халқының саны 11 миллиардқа жетуі мүмкін деп хабарлайды.

Үндістан 2027 жылы Қытайды басып озып, тұрғындардың саны бойынша әлемдік көшбасшы болады. Ғалымдардың болжауынша, алдағы 30 жылда халықтың 50%-ға өсуі Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Конго, Эфиопия, Танзания, Индонезия, Египет және АҚШ сияқты елдердің есебінен болмақ. 2050 жылға қарай тропикалық Африка халқының саны екі есеге артуы ықтимал.

БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Лю Чжэнминнің айтуынша, әлемдегі ең кедей елдерде, бұл кедейшілік, теңсіздік және аштықпен күресте қосымша қиындықтарға алып келеді.Сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің деңгейін төмендетеді. Өмір сүру ұзақтығының артуына және туу деңгейінің төмендеуіне байланысты әлемдік қартаю деңгейі жоғарылайды. Бұл Еуропа мен Солтүстік Америкада байқалмақ.

2018 жылы 65 жастан асқан қарт адамдар саны алғаш рет бес жасқа дейінгі балалар санынан асып түсті. Айта кетейік, бүгінгі күні әлемде 7,7 миллиард халық бар. Ал Қазақстанда ҚР ҰЭМ статистикалық мәліметтері бойынша халық саны 18,49 миллионға жетті. Яғни әлемдегі 73-ші орында. Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2025 жылға қарай елдегі адам саны 19 800 000-ға дейін өспек.

Жанар ЕРБОЛ,

ЕҰУ студенті