• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Маусым, 2019

Кәсіпкерлер қолдау білдірді

269 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы «Алматыинжстрой» АҚ бастауыш ұйымында өткен дөңгелек үстел барысында Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды.

Дөңгелек үстел жұмысын жүргізген «Алматыинжстрой» АҚ бас директоры, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, бастауыш партия ұйымның төрағасы Асхат Шиликбаев өмір сүру сапасын жақсарту, ел бірлігін, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытындағы Президенттің игі бастамаларына қолдау білдірді.

Негізі 1961 жылы  қаланған «Алматыинжстрой» АҚ нарықтағы сенімді, тұрақты компания ретінде жаңа технологияларды өндіріске енгізе отырып, ұзақ мерзімді сапаға қол жеткізуді мақсат етеді. Кәсіпорын басшысының айтуынша, Қазақстан бойынша жиырмадан астам филиалы мен үлестес компаниялар бар ірі өндірісте мыңнан астам маман жұмыс істейді.  

Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың айтуынша, 2007 жылы құрылған 200-ден астам мүшесі бар «Nur Otan» партиясының бастауыш ұйымы аудандағы кәсіпорынның ұйытқысы болып келеді.  Сайлауалды науқанында штаб мүшелері мен партия белсенділерінің,  жастардың үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізгені туралы баяндаған Жетісу ауданы қоғамдық штабының басшысы Тамара Шакирова   «Ендігі басты міндетіміз – Президенттің бағдарламасын еліміздің әрбір азаматы сезінетіндей нақты, нәтижелі жүзеге асыру. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру, адами капиталды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, сот, құқықтық реформалар жүргізу, жастарды қолдау сияқты міндеттерді кең ауқымда жүргізуге бірлесе атсалысамыз» деп атап өтті.