• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Маусым, 2019

Ердің еңсесі қашанда биік

301 рет
көрсетілді

Жуырда ғана елімізде үлкен саяси науқан өтіп, ел өзінің таңдауын жасады. Халықтың таңдауы талай жылдар бойы еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа түсті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ішкі және сыртқы саясатта өзінің жоғары біліктілігін, бай тәжірибесін көрсетіп келе жатқан азамат. Мен ол кісінің қайраткер ретінде еліміздің дамуына одан әрі үлес қосатынына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақ­саруына күш салатынына сенемін. Саясаткер ре­тінде халықаралық дең­гейде беделі жоғары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жолын әрі қарай жал­ғастыруда ол кісіге мен тек сәттілік тілеймін.

  Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қасым-Жомарт Тоқаев­­­ты ұлықтау рәсіміне қатыс­тық. Президент дүйім халықтың көзінше өзінің он бағыттан тұратын баяндамасын жариялады. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл баян­дамасы еліміздің да­муына, әлеуметтік жағдайы­мыздың бұдан да әрі жақсара түсуіне арналыпты. Одан кейін ха­лықтың адал перзенті ре­тінде ант берді. Жамбыл об­лысынан Нұр-Сұлтан қала­сына арнайы барған делегаттар да Президенттің батыл да байыпты бастамаларын қолдады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына сәттілік тілеймін. Бастамаларының бәрін де қолдаймыз. Ел үшін еңбек ететін ердің еңсесі әрқашан биік болсын!

 

Еркінбек СОЛТЫБАЕВ,

 Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Жамбыл облысы