Қазірдің өзінде Қазақстан спортшылары ел намысын лайықты қорғап жүр. Халықаралық додаларда Көк байрағымыз әсте төмен түскен жоқ. Олимпия ойындарында қазақстандықтар азулы елдің спортшыларымен тең дәрежеде өнер көрсетіп келеді. Мұндай нәтижеге елдегі тұрақтылық пен халықтың ауызбіршілігі арқасында ғана жетуге болады. Бұдан да қиын кезеңдер болған. Соның барлығын елмен бірге көріп, күрделі сәттерді еңсере білдік. Десе де бұл межемен тоқтап қалмаймыз деген ойдамын. Салауатты қоғам құру үшін мемлекеттің қолдауы қажет. Бұл бағытта Қазақстанда атқарылған шаруа жетерлік. Біздің мемлекетте спортқа жақсы көңіл бөлінген деп толық сеніммен айтуға негіз бар. Қасым-Жомарт Кемелұлын жауапты қызметке келуімен құттықтаймын. Мемлекетімізді оң бетбұрыс күтіп тұр деген үміттемін. Барша қазақстандықтарды айтулы күнмен шын жүректен құттықтағым келеді. Елімізді тек гүлдену кезеңдерін басынан өткереді деген үмітім басым.
Ольга РЫПАКОВА,
Үш қарғып секіруден Олимпиада және
Азия ойындарының чемпионы