• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Маусым, 2019

2018 жылы шетелдік инвесторлар 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құрды

284 рет
көрсетілді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

НҰР-СУЛТАН, 2019 жылғы 21 маусым - Экономикалық дипломатияны іске асыру аясында шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа жүйесі құрылып, бұл бағыттағы жұмыс үнемі жетілдірілуде. Осы және басқа да инвестициялық ынталандыру шаралары туралы бүгін ҚР Үкіметі алаңында өткен Баспасөз конференциясында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Ермек Көшербаев айтып берді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 15,8%-ға өсіп, 24,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

Е. Көшербаевтың айтуынша, 2018 жылы негізгі инвестор елдер қатарына кірген - Нидерланд - 7,3 млрд. АҚШ доллар (30,3%), АҚШ - 5,3 млрд. (22%), Швейцария - 2,5 млрд. (10,5%), Ресей - 1,5 млрд. (6,2%), Қытай - 1,5 млрд. (6,1%), Бельгия - 1,0 млрд. (4,3%), Франция - 0,9 млрд. (3,8%), Ұлыбритания - 0,6 млрд. (2,4%) және Корея Республикасы - 0,5 млрд.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, өткен жылдың желтоқсан айында инвестициялар тарту қызметі Сыртқы істер министрлігіне берілді.

Инвестициялар тартудың жаңа жүйесінің алдыңғы жүйеден айырмашылығы туралы сұраққа жауап берген Сыртқы істер министрінің орынбасары бұл ең алдымен шетелдік мекемелермен өзара іс-қимылды нығайту және осы инфрақұрылымды инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі ретінде пайдалану екенін атап өтті. Осылайша, қазіргі таңда инвестормен және жобамен нақты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін шетелдік мекемелер-орталық-өңір форматында үш деңгейлі жүйе құрылды. Мұндай механизм жаңа жобалар мен инвесторларды анықтауға мүмкіндік береді, жобаны бастамашылық ету мен оны іске асыру арасындағы жолды қысқартады.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстанның шетелдік мекемелері шетелдік компаниялармен 140-ға жуық кездесулер өткізіп, іске асыруға әлеуеті жоғары 128 жобаны анықтағаны атап өтілді.

Осы бағытта Үкіметтің атынан бірыңғай келіссөзші ретінде әрекет ететін және инвесторларды идеядан жобаны іске асыруға дейін сүйемелдейтін «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы да маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы тиісті қаржы құралдарымен және халықаралық деңгейдегі қызметтерімен өз алаңын ұсынады.

Баяндамада сондай-ақ ірі жобаларды іске асыру үшін резервтер бар басым секторлар атап өтілді. Бұл азық-түлік өнеркәсібі, агрохимия, ауылшаруашылық техникасы, газ химиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тау-кен металлургиялық кешені.

Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі жұмыс туралы Е. Көшербаев «СІМ-нің инвесторларға тек ақпарат пен кеңес қана емес, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай алаң болатын фронт-кеңселерді құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», - деп атап өтті. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстың жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сөз соңында Е. Көшербаев инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі жұмыстың жалғасатындығын және жаңа инвесторларды тарту және әрекет ететін инвесторларды ұстап қалу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.