• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 24 Маусым, 2019

Маңғыстау полициясында мұражай кеңейтілді

582 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының Полиция департаменті жанындағы жаңартылған және кеңейтілген мұражайдың тұсаукесері өтті. Мұражайдың салтанатты ашылуы Қазақстан полициясының 27 жылдығына орай салтанатты жағдайда өтті.

Қызыл лентаны ҚР ІІБ қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы, заң ғылымдарының докторы М.Коганов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Э. Борчашвили қиды. МО ПД-нің басшысы полиция полковнигі К. Таймерденов оларға алғысын білдірді. Мұражайды құруға ІІО ардагерлері үлкен үлес қосты, экспонаттар мен заттарды беруге көмек көрсетті. Мұражайдың өзі Маңғыстау облысының ІІО-ның құрылу, қалыптасу және даму тарихын қамтиды.

- Музейдің ашылуы ең алдымен біздің облыстың өсіп келе жатқан ұрпағын тәрбиелеу үшін қажет. Біз өткенді сақтап, болашақты қалыптастыруға атсалысқымыз келеді. Музей – ешкім де, ешнәрсе де ешқашан ұмытылмағандығының көрінісі, деді Маңғыстау облыстық ПД басшысы.