Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», делінген құжатта.