• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Маусым, 2019

АҚШ-та асығымыз алшысынан түсті

400 рет
көрсетілді

Жүзуден АҚШ-та өткен CA Dolfin Fran Crippen SMOC турнирінің соңғы күні қазақстандық спортшылардың қоржыны тағы үш жүлдемен толықты.

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусинге тең келер ешкім табылмады. Оның көрсеткіші – 23.76 секунд. Қандасымыз осы нәтижемен ғана шектеліп қалған жоқ. Дәл осы жаттығудың 100 метрлік сайысында Әділбек күміс медальді иеленумен қатар, Қазақстанның рекордын да жаңартты. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин екінші орынға табан тіреді.   

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің арнайы бағдарламасы негізінде еліміздің үш бірдей белді жүзушісі – Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай бұл күндері АҚШ-та, атақты бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығып жүр.